Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында Балалар нейрохирургтарының еуразиялық қауымдастығының (БНЕҚ) II съезі өткелі жатыр
бейсенбі, 11 Июль 2019
2019 жылғы 11-13 шілде аралығында Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында Балалар нейрохирургтарының еуразиялық қауымдастығының (БНЕҚ) II съезі өткелі жатыр. Съезд барысында Қазақстанда алғаш рет балалар нейрохирургиясы бойынша халықаралық қоғамдастықпен (ISPN) ұйымдастырылған ресми мектеп өткізіледі. Бұл беделді ұйым жыл сайын әлем бойынша бірнеше ғана мектеп өткізеді.
БНЕҚ I съезі 2017 жылы Минск қаласында (Беларусь Республикасы) өткізілгені, съезде осындай іс-шараларды өткізу және Еуразия аймағындағы балалар нейрохирургиясының дамуының келешегі мен өзекті сұрақтарды талқылаудың алаңына айналғаны бізге мәлім.
БНЕҚ II съезінің ғылыми бағдарламасы балалар нейрохирургиясы саласындағы аса маңызды мәселелерді талқылауға арналмақ: гидроцефалия, дамудың туа біткен кемістіктері, жарақат, нейроонкология, функционалды нейрохирургия және тағы да басқа. Әрбір тақырып бойынша пленарлық сессия өткізу жоспарланған.
Қазақстанда БНЕҚ II съезін өткізу отандық мамандарға қазіргіден де көп мүмкіндіктер береді, яғни аталған бағытта тәжірибе алмасу, жаңа біліммен бөлісу, әріптестермен танысу.
Съезд жұмысына қатысу үшін қазақстан астанасына 15 мемлекеттен: Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Армения, Украиня, Германия, Бразилия, Израиль, Қытай, АҚШ, Грузия, Өзбекстан, Молдова, Тәжікстан, Қырғызстаннан 250-ден аса мамандар келді.
Мемлекет Басшысы 2019 жылды Қазақстандағы Жастар жылы деп жариялағаны баршамызға аян. Жас мамандарға қолдау көрсету үшін Съезді өткізу шеңберінде жас нейрохирургтар баяндамаларының байқауы өткізіледі. Аталған байқауға нейрохирургия саласындағы үздік баяндамаларымен жақын және алыс шетелдерден жас дәрігер нейрохирургтар қатысады.
Іс-шара ұйымдастырушылары «Қазақ нейрохирургтар Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі мен «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ.
Жыл сайын Ұлттық нейрохирургия орталығында ересектер мен кішкентай пациенттерге 3000 –нан аса операция жасалады, соның ішінде жыл сайын нерв жүйесінің ең күрделі патологиясы бар 500 –дей бала орталықта жоғары білікті нейрохирургиялық көмек алады. 11 жыл ішінде Орталықта 5000 –дай бала ем қабылдады, орталық нерв жүйесінің дамуының ауытқуларын, функционалды нейрохирургия, ми ісіктерін нейронавигация, интраоперациялық нейромониторинг, эндоскопиялық, эндовоскулярлық құрал-жабдықты қолданумен 4000 –нан аса операция жасалды. Бүгінгі таңда Орталық пациенттерді диагностикалаудан бастап ерте оңалтумен аяқталатын медициналық қызметтердің толық спектрін көрсететін Қазақстандағы мамандандырылған жалғыз клиника.







