Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығына Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінен келді.
дүйсенбі, 19 Август 2019
Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығына Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінен, Ресей денсаулық сақтауды қадағалау және «Ұлттық сапа институты» ФМАУ делегация келді.
Делегация құрамында Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті және шипажай-курорт ісін ұйымдастыру департаментінің басшысы Каракулина Е.В., Ресей денсаулық сақтауды қадағалаудың Тұрғындарға медициналық көмек көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру басқармасының басшысы Шаронов А.Н., Ресей денсаулық сақтауды қадағалаудың Лицензиялау және міндетті талаптарды сақтау басқармасының басшысы Крупнова И.В., Ресей денсаулық сақтауды қадағалаудың Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын бақылау басқармасының басшысы Самойлова А.В., «Ұлттық сапа институты» ФМАУ Бас директоры И.В. Иванов болды.
Кездесу барысында делегация өкілдері дәрі-дәрмектерді инновациялық басқарудағы Орталықтағы ноу-хау, Госпитальдық фармация бөлімінің жұмысымен танысты. Орталық кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі құрамында госпитальдық фармация бөлімі бар алғашқы клиникалардың бірі, мұнда JCI халықаралық аккредиттеуі аясында дәрілік заттарды бір орталықтан дайындау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Кездесу соңында қонақтарға Орталық қызметі туралы фильм көрсетілді және ол бойынша экскурсия жасалды.
Сапар соңында делегация өкілдері Орталықтағы жұмыс деңгейіне жоғары баға берді және ұжымға атқарып отырған қызметтеріне толағай табыс тіледі.







