Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығында өрт-тактикалық оқу жаттығуы өткізілді

сәрсенбі,  28  Август  2019

     Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығында қызметкерлер мен пациенттерді Орталықтан толығымен эвакуация жасай отырып, өрт-тактикалық оқу жаттығуы өткізілді. Осы кең көлемді іс-шара жыл сайын өткізіледі. Клиника Орталық ұжымын өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру және өрт қауіпсіздігі мақсатында өткізілетін осындай тақырыптық сабақтарға ерекше көңіл бөледі.
   Орталықтың Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар, өрт қауіпсіздігі, қауіпсіздік техникасы және экология секторының мамандарымен қызметкерлердің өрт қауіпсіздігі бойынша жаттығу сабағы ұйымдастырылды.
    Бұған қоса, Сектор мамандары эвакуациялау кезіндегі персоналдың әркетін бағалады, байланыс құралдарының, өрт қауіпсіздігі қорғаныс жүйелерінің жұмыс істеуін, эвакуациялау жолдарының жағдайын, өрт сөндірудің бастапқы құралдарының дұрыс жұмыс істеуін, адамдарды құтқару және материалдық құндылықтарды сақтау, өрт сөндіру кезінде еңбек қорғау ережелерінің сақталуын тексерді.
      Бұдан өзге, оқу жаттығу барысында Сектор инженері өрт туындаған жағдайдағы іске асырылуы қажетті іс-қимылдарды іс жүзінде кезең-кезеңімен жүзеге асыруды көрсетті.
     Өрт қауіпсіздігі бойынша практикалық жаттығу өте маңызды, жаттығу Орталық қызметкерлеріне өрт кезінде эвакуациялаудың дұрыс тәсілі мен стратегиясын жасауға мүмкіндік берді.


тiзiмге қайтару