Білім күні қарсаңында Кәсіподақ комитеті Нейрохирургия орталығы қызметкерлерінің бірінші сыныпқа баратын балаларына жағымды тосын сый жасады

бейсенбі,  29  Август  2019

   Білім күні қарсаңында Кәсіподақ комитеті Нейрохирургия орталығы қызметкерлерінің бірінші сыныпқа баратын балаларына, соынмен қатар көп балалы аналарға және жалғызбасты аналарға жағымды тосын сый жасады. Нейрохирургия орталығында аналары қызмет ететін барлығы 38 бірінші сынып оқушысы және аналары көп балалы және жалғызбасты саналатын 91 оқушы бар екен. Оларға «АБДИ Компаниясы» кеңсе тауарлары дүкендер желісінен мектепке арналған қажетті кеңсе тауарларын сатып алу үшін сомасы 10 000 және 5 000 теңге болатын сертификаттар сыйлыққа берілді.
   Кәсіподақ комитетінің өкілдері ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады және бірінші сынып шәкірттеріне оқуда озат, толағай табыстар мен жетістіктер тіледі.


тiзiмге қайтару