Орталықтың 12 қызметкері Орталықтан сатып алу құқығымен жалдау үшін екі бөлмелі 12 пәтердің кілтін алды.

дүйсенбі,  2  Сентябрь  2019

   Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығының ұжымы үшін үлкен қуаныш, Орталықтың 12 қызметкері Орталықтан сатып алу құқығымен жалдау үшін екі бөлмелі 12 пәтердің кілтін алды. Ұлттық нейрохирургия орталығының Тұрғын үй комиссиясымен сатып алу құқығымен жалға алуға жататын  Тұрғын үй квотасы аясында Тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлердің тізімінде тұрған Орталық қызметкерлерінің Орталықтың Тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді сатып алу құқығымен жалға беру туралы өтініштері қаралды.
   Қызметкерлердің өтініштерін қарау және Тұрғын үйді жалға беру ережесінің талаптарына ұсынылған құжаттардың сәйкестілігін тексеру нәтижесі бойынша комиссия тұрғын үйді 10,15 және 20 жыл мерзімге сатып алу құқығымен жалға беру туралы шешім қабылдады.
   Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан екі бөлмелік 12 пәтер 6 дәрігер, 3 орта медициналық персонал, 2 әкімшілік-басқарушы және өзге де персонал, 1 кіші медициналық персоналға берілді.
   Барлық жаңа қоныс иелері-әріптестерімізді баспаналы болуымен құттықтаймыз! Жаңа пәтерлер молшылық пен табысқа, бақыт пен шаттық қа толы болсын!


тiзiмге қайтару