«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы, профессор Акшулаков Серік Қуандықұлы резидентураны аяқтағаны туралы сегізінші шығарылымның 8 түлегіне куәліктерді салтанатты түрде табыстады
дүйсенбі, 2 Сентябрь 2019
«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ 2008 жылдан бастап нейрохирургия және неврология саласында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі үшін заманауи, жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды жүзеге асыруда. Пациенттерді диагностикалау мен хирургиялық емдеудің жаңа және күрделі әдістерін, қазіргі заманғы аппаратуралар мен құрал-жабдықтарды игеруге, соңғы медициналық жетістіктерді білуге аса көп көңіл бөлінеді.
Бүгінгі таңда «Ұлттық нейрохирургия орталығы»АҚ қабырғасында 41 резидент оқып білім алды, оның ішінде «Нейрохирургия, оның ішінде балалар» мамандығы бойынша -32, «Невропатология, оның ішінде балалар» мамандығы бойынша -9 маман дайындалды.
2019 жылдың 2 қыркүйегінде «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы, профессор Акшулаков Серік Қуандықұлы «Нейрохирургия, оның ішінде балалар» мамандығы бойынша (2015-2019 жж.) және «Невропатология, оның ішінде балалар» мамандығы бойынша (2016-2019 жж.) резидентураны аяқтағаны туралы сегізінші шығарылымның 8 түлегіне куәліктерді салтанатты түрде табыстады.
«Ұлттық нейрохирургия орталығы»АҚ түлектерге зор денсаулық, барлық бастаған істеріне сәттілік, табыс, жетістіктер тілейді!







