Пациенттердің бүкіләлемдік қауіпсіздік күнін Ұлттық нейрохирургия орталығында атап өтті
сейсенбі, 17 Сентябрь 2019
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының (ДДҰ) халықаралық күндер жүйесінде 17 қыркүйекте Пациенттердің бүкіләлемдік қауіпсіздік күні (World Patient Safety Day) аталып өтеді, бұл күн Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ассамблеясымен 2019 жылғы 25 мамырда бекітілді. Пациенттердің бүкіләлемдік қауіпсіздік күні Әлемде бірінші рет аталып өтуде. Пациенттердің бүкіләлемдік қауіпсіздік күнінің мақсаты –пациенттер қауіпсіздігі туралы жаһандық мағлұматтың берілуін арттыру және кәсіби қоғамдастықтарменпен қатар, пациенттердің, олардың туыстарының, пациент мүдделерін қорғаушы түрлі ұйымдардың іс-әрекетіндегі халықаралық ынтымақтастықты қолдау.
Бүгін осы атаулы күн аясында Ұлттық нейрохирургия орталығында пациенттерге Пациенттер қауіпсіздігінің халықаралық мақсаттары мен JCI сапа стандарттарын сақтау бойынша ашық дәрістер оқылды. Аталған кездесу барысында пациенттер клиникалық персонал арасындағы коммуникация, пациенттерді идентификациялау процестері, операцияға дайындау барысында қауіпсіздік процестері туралы білді, бір сөзбен айтқанда пациенттердің клиникада қауіпсіз ем қабылдауы мен жеке қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған жұмыстармен танысты.
Бұған қоса, пациенттер кездесу барысында жоғары белсенділік танытты, өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды және өз ойларын білдірді.







