Құрметті достар! Дүниежүзілік инсультпен күрес күніне арналған ашық конференциясына шақырамыз
бейсенбі, 17 Октябрь 2019
Құрметті достар!
Сіздерді Дүниежүзілік инсультпен күрес күніне арналған Ұлттық нейрохирургия орталығының Инсульт проблемаларын үйлестірудің республикалық орталығы мен ДДҰ елдік офисінің ашық конференциясына шақырамыз.
Іс-шараның басты мақсаты - инсульт ауруларының пайда болу себептері мен алдын алу шаралары туралы халықтың ақпараттандырылуын арттыру, сондай-ақ Қазақстанда инсульт тақырыбын мерзімінен бұрын өлім-жітім қаупінің факторы ретінде өзекті ету болып табылады.
Бұл күні осы сала мамандары Инсульттің құрбаны болмаудың жолдары туралы ақпарат береді. Артериялық қысымды, дене салмағының индексін өлшеп инсульттің пайда болу қаупін есептеу бойынша консультациялар береді, сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласындағы Үндістан елшілігінің Свами Вивекананда атындағы мәдени орталықтан йога бойынша шеберлік сыныбы өткізіледі.
Осы акцияға қатысуға тілек білдірушілер WHATSAPP +7775 025 57 40 жазу немесе 87172 62-11-67 телефонына хабарласу арқылы алдын ала жазылуға болады.
Іс-шараның өтетін уақыты: сәрсенбі, 23 қазан 2019 жыл.
Іс-шараның басталуы: 13.00 - 15. 30
Іс-шараның өтетін орны:
Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Тұран даңғылы 34/1, "Ұлттық нейрохирургия орталығы "АҚ, 2-қабат, "Астана" залы.







