16 қазан күні бүкіл әлемде халықаралық анестезиолог күні
сәрсенбі, 16 Октябрь 2019
16 қазан күні бүкіл әлемде халықаралық анестезиолог күні атап өтіледі. Бұл - адамдардың жаны қиналған ауыруы мен қайғысынан құтқаратындардың, сауығуға көмектесетін және олардың өмірін сақтайтындардың күні.
Анестезия - бұл ізгілік пен мейірімділікке толы ғылым, ал анестезиолог мамандығы өте күрделі және жауапты. Анестезиологтар операция кезінде және операциядан кейінгі кезеңде ағзаның тіршілігін қамтамасыз етудің барлық процестері үшін жауапкершілікті өзіне алады.
Ұлттық нейрохирургия орталығының Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 17 дәрігер және 36 орта және кіші медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Бөлімше дәрігерлерінің санаты-100%. Бұдан басқа, АРжҚТ бөлімшесі дәрігерлерінің 80%-ы Израиль, АҚШ, Ресей және Қазақстанның жетекші клиникаларында оқытудан өткен.
Мұнда күн сайын жоғары кәсіби дайындалған бөлімше қызметкерлері аса күрделі және бірегей нейрохирургиялық операциялардан шыққан науқастарға қарқынды бақылау және емдеу жүргізеді, уақытылы білікті реанимациялық көмекті көрсетеді.
Әріптестерімізді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, бақыт, денсаулық, сәттілік тілейміз. Мыңдаған құтқарылған өмірлер үшін, ерен еңбектеріңіз және медицинаға адал қызметтеріңіз үшін алғыс айтамыз!







