23 қазанда Ұлттық нейрохирургия орталығының базасында Дүниежүзілік инсультпен күрес күніне арналған іс-шара өтті

сәрсенбі,  23  Октябрь  2019

      Бүгін 2019 жылғы 23 қазанда Ұлттық нейрохирургия орталығының базасында «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Инсульт проблемаларын үйлестірудің республикалық орталығы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымының Қазақстандағы елдік офисінің қолдауымен Дүниежүзілік инсультпен күрес күніне арналған іс-шара өтті.
    Акция аясында Инсульт проблемаларын үйлестірудің республикалық орталығының мамандары, сонымен қатар кардиологтар Қазақстан Республикасында инсульт қызметінің жағдайы туралы маңызды сұрақтарды талқылады.
     Сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтарына осы сала мамандары артериялық қысымды, дене салмағының индексін өлшеп инсульттың пайда болу қаупін есептеу бойынша консультациялар берді, сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласындағы Үндістан елшілігінің Свами Вивекананда атындағы мәдени орталықтан йога бойынша шеберлік сыныбы өткізілді.
      Іс-шараның басты мақсаты - инсульт ауруларының пайда болу себептері мен алдын алу шаралары туралы халықтың ақпараттандырылуын арттыру, сондай-ақ Қазақстанда инсульт тақырыбын мерзімінен бұрын өлім-жітім қаупінің факторы ретінде өзекті ету.
     Бұл күні осы сала мамандары Инсульттың құрбаны болмаудың жолдары туралы ақпарат берді. Артериялық қысымды, дене салмағының индексін өлшеп инсульттың пайда болу қаупін есептеу бойынша консультациялар берді, «Инсульттың құрбаны болмау» туралы түсіндірілді, сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласындағы Үндістан елшілігінің Свами Вивекананда атындағы мәдени орталықтан йога бойынша шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.
      Мамандар қауіптің түрлі факторлары, инсульт профилактикасының дербес тәсілдері туралы тұрғындар ақпараттандырылған болуы керек деп санайды. Бұдан өзге, инсульттың алғашқы белгілерін білу де өте маңызды. Бүкіл әлемге танымал FAST test деп аталатын инсульт симптомдарын білуге арналған тест бар, бұл тест адамның бет жүзі – қолы – сөйлеу – уақытты білдіретін, яғни адамда бетінің жартысы жансыздану симптомы немесе бет жүзінің қисаюы, қолдың немесе дененің бір жағындағы жансыздану сезімі, анық сөйлеу алмау түріндегі сөйлеу бұзылысы орын алса, барлық симптомдар кенеттен пайда болса, білікті медициналық көмек көрсетуге 4,5 сағат қана уақыт бар.
     Инсульт кезінде білікті медициналық көмек көрсету алғашқы симптомдар білінген сәттен бастап алғашқы 4,5 сағатты құрайтын «терапиялық саңылау» кезеңінде мүмкін болады. Сондықтан әрбір азамат инсульттың алғашқы симптомдарын білгені және дер кезінде медициналық көмекке жүгінгені маңызды.
     Жыл сайын 29 қазанда әлемнің көптеген елдерінде Дүниежүзілік инсультпен күрес күніне арналған акциялар өткізіледі. Бұл күн Дүниежүзілік инсультпен күрес ұйымы - World Stroke Organization 2006 жылы белгіленді.
     Жыл сайын мамандар осы ауруға адамдардың назарын аудару үшін шебер-кластар және тренингтер өткізеді. Инсульт тек Қазақстанда ғана емес, дүние жүзінде аурушаңдық, өлім-жітім және жоғары мүгедектік құрылымында жоғары орындарда тұр.
    Статистика көрсеткендей, жер бетіндегі алты адамның біреуі инсульт алады. Осылайша, жыл сайын шамамен 17 млн. адам инсультпен ауырады, ал олардың ішінде 3-5 млн. аралығындағы адам қайтыс болады. Қазақстан үшін мәселенің ауқымы қандай екендігін бағалаудың өзі қиын, себебі еліміз ТМД бойынша инсульт ауруымен көш бастап тұр. Жыл сайын Қазақстанда 40 мыңнан аса инсульт жағдайы тіркеледі, оның 5 мыңы алғашқы 10 күнде қайтыс болады. Тәжірибе көрсеткендей инсульт алған пациенттердің 8-12 пайызы ғана еңбек жолын жалғастыра алады.


тiзiмге қайтару