Ұлттық нейрохирургия орталығы Қырғызстанда Қазақстандық медицина күндерінде белсенді қатысуда
сәрсенбі, 13 Ноябрь 2019
Бүгін Қырғызстанда Қазақстандық медицина күндері бастау алды. Аталған іс-шара мақсаты денсаулық сақтау ұйымдары арасындағы, сонымен қатар екі елдің медициналық білім беру мекемелері арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту. Қырғыз Республикасында Қазақстан медицинасы күндерін өткізу екі елдің медицина ұйымдары арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту, тәжірибе алмасу жолымен отандық медицина ұйымдары мамандарының біліктілігін арттыру, сондай-ақ Қырғызстан азаматтарын Қазақстанның алдыңғы қатарлы орталықтарында емделуге шақыру.
Бұған қоса, «Ұлттық нейрохирургия орталығы”АҚ қазақстандық медицина күндері шеңберінде ұйымдастырылған медициналық көрмеге қатысуда. Бұдан бөлек, Орталықтың нейрохирург дәрігерлері Бішкек қаласының жетекші клиникаларының базасында тегін консультациялар өткізетіндігін айта кеткен маңызды.







