Бішкекте қазақстан медицина күндері аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті

сәрсенбі,  13  Ноябрь  2019

      Бүгін Бішкекте қазақстан медицина күндері аясында ҚР ДСМ «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ мен Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Ана мен баланы қорғау ұлттық орталығы арасында ынтымақтастық туралы, сондай-ақ Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Ұлттық госпитальмен меморандумға қол қою рәсімі өтті.
     Қол қойылған меморандумдар аясында тараптар клиникалық, ғылыми және білім беру жобаларында ынтымақтастықты нығайтады. Құжаттың негізгі мәні нейрохирургия және аралас пәндер саласындағы ынтымақтастық болып табылады.
     Аталған атаулы оқиға екі елдің медицина ұйымдары арасында халықаралық қарым-қатынастарды дамытуға оңтайлы жағдай жасайтындығын айта кеткен жөн.


тiзiмге қайтару