Ұлттық нейрохирургия орталығы Ташкент қаласында өтіп жатқан Қазақстандық медицина күндеріне қатысуда
бейсенбі, 21 Ноябрь 2019
Ұлттық нейрохирургия орталығы ағымдағы жылғы 21-22 қараша аралығында Ташкент қаласында өтіп жатқан Қазақстандық медицина күндеріне қатысуда.
Аталған іс-шара мақсаты Қазақстан мен Өзбекстанның денсаулық сақтау ұйымдары арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту, екі елдің азаматтарына медициналық көмек көрсету сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін инновациялар мен технологиялармен алмасу, біліммен бөлісу мен тәжірибе алмасу.
Бүгін іс-шараның бірінші күні Форум және қазақстандық медицина жетістіктерінің көрмесі өткізіледі, оған Ұлттық нейрохирургия орталығы басшылығы атынан Медициналық директор Т.Т. Пазылбеков, сонымен қатар Білім беру бөлімінің бастығы Дарияна Кульмирзаева қатысады. Өз баяндамаларында Нейрохирургия орталығы Форум қатысушыларына Қазақстандағы нейрохирургиялық қызмет, қазіргі уақытта ҚР және Орталық Азияда табысты қолданылып жүрген әлемдік нейрохирургиялық технологиялар туралы баяндайды.
Бұдан өзге, Форум қатысушылары Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы реформалармен, практикалық медицинада қолданылып жүрген инновациялар және алдыңғы қатарлы технологиялармен танысады. Пікірталас алаңдарында медициналық туризмді дамыту, заманауи ядролық технологияларды онкологияда қолдану, ана мен бала денсаулығын қорғау, бастапқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту, денсаулық сақтауды цифрландыру және сол сияқты басқа да сұрақтарды талқылауға шақырады.
Бұнымен қоса, қазақстандық медицина күндері аясында ҚР ДСМ “Ұлттық нейрохирургия орталығы” АҚ мен Ташкент медицина академиясы, Ташкент педиатриялық медициналық институты арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтеді. Бұл атаулы оқиға екі елдің медицина ұйымдары арасындағы халықаралық қатынастарды дамытуға оңтайлы жағдайлар туғызатындығын айтып өткен жөн.
Ауқымды іс-шараның екінші күні Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің нейрохирург дәрігерлері Ташкент қаласының жетекші медициналық ұйымдарының базасында пациенттерге консультациялар өткізеді.







