Қасым-Жомарт Тоқаев Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің мегерушісі Ербол Тарғынұлы Махамбетовке мемлекеттік сыйлықты табыс етті

бейсенбі,  12  Декабрь  2019

  Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығында қуанышты хабар!!!
  Ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің мегерушісі Ербол Тарғынұлы Махамбетовке мемлекеттік сыйлықты табыс етті. Ербол Тарғынұлы денсаулық сақтау саласында жеткен ірі жетістіктері үшін «Құрмет» орденіне лайық деп танылды.
  Мемлекеттік сыйлықпен марапаттау кеше, Ақордада өтті. Ол марапаттарға түрлі сала мамандары мен әртүрлі буын өкілдері ие болды.
  Ұлттық нейрохирургия орталығының басшылығы мен ұжымы Ербол Тарғынұлын жоғары марапатымен шын жүректен құттықтайды! Әрбір атқан арайлы таңда жетістікке жетелер күш-жігер мен қайрат, еліміз үшін атқарып жатқан еңбегіне орасан зор табыс, сәттілік, мықты денсаулық тілейді!


тiзiмге қайтару