Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі Нурпеисов Айса Захарұлын «Құрмет» орденімен марапаттады

сәрсенбі,  18  Декабрь  2019

   Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі Нурпеисов Айса Захарұлын «Құрмет» орденімен марапаттады.
    Айса Захарұлы 40 жылдық еңбек өтілі бар анестезиолог-реаниматолог. Өз қызметінде ол орталық тыныс алуы зақымданған және респираторлық қолдау тоқтатылған пациенттердегі ӨЖТ түрлі режимдерін енгізуді сәтті қолданады, нейромониторингтеу және awake краниотомия жағдайындағы нейрохирургиялық бейіндегі пациенттерге қауіпсіз анестезияны қамтамасыз етеді. Жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты. 2018 жылы «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ профессоры ғылыми дәрежесін алды, сонымен қатар ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
    ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыс 13 желтоқсанда Денсаулық сақтау министрлігінде өткізілді. Жиналыс барысында Елжан Амантайұлы ұлттық мерекеміздің айрықша мәртебесін, сонымен бірге Тәуелсіздік жылдары еліміз көптеген өмірлік маңызды салаларда ірі жетістіктерге жеткендігін және жалпы адамзаттың дамуына өлшеусіз үлес қосқандығын атап өтті.
    Бұдан өзге, еңбек сіңірген марапаттарға Министрліктің қызметкерлері, сонымен қатар еліміздің денсаулық саласында аянбай еңбек етіп жүрген ҚР ДСМ ведомстволық бағыныстағы ұйымдары ие болды.
    Өз кезегінде, Ұлттық нейрохирургия орталығының ұжымы Айса Захарұлын марапатымен құттықтайды және жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейді!


тiзiмге қайтару