Қазақстанның Тәжікстандағы медицина күндері аясында Душанбе қаласында «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы, ҚР ҰҒА академигі, профессор Серік Акшулаков көрнекі операциялар жасады

жұма,  20  Декабрь  2019

    Бүгін, Қазақстанның Тәжікстандағы медицина күндері аясында Душанбе қаласында «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы, ҚР ҰҒА академигі, профессор Серік Акшулаков Караболо республикалық клиникалық ауруханасының базасында көрнекі операциялар жасады. Қазақстанның Бас нейрохирургі 58 жастағы әйелге оңжақтамалық ортаңғы үштік фалькс менингиомасын алып тастау және 12 жасар балаға алып жылауықты краниофарингиоманы трансназальдық жолмен алып тастау операцияларын жасады.
   Бұдан бөлек, Серік Акшулаков әртүрлі нейрохирургиялық патологиялары бар 12 пациентке консультация берді.
  Ұлттық нейрохирургия орталығы соңғы заманауи медициналық технологияларды қолданумен диагностикадан бастап пациенттерді оңалтумен аяқталатын медициналық қызметтердің толық спектрін көрсететін Орта Азиядағы көш басында тұрған клиникалардың бірі. Мұнда күн сайын күрделілігі әртүрлі деңгейдегі 20-25 операция жасалады. Тек 2019 жылдың өзінде ғана 2990-нан аса операция, ал 11 жыл ішінде 30 мыңнан аса операция жасалды.
    Еске сала кетейік, Ұлттық нейрохирургия орталығы ағымдағы жылдың 19-20 желтоқсан күндері Душанбе қаласында Тәжікстандағы қазақстандық медицина күндеріне қатысуда. Аталған іс-шара мақсаты Қазақстан мен Тәжікстанның денсаулық сақтау ұйымдары арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту, екі елдің азаматтарына медициналық көмек көрсету сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін инновациялар мен технологиялармен алмасу, біліммен бөлісу мен тәжірибе алмасу.


тiзiмге қайтару