Ұлттық нейрохирургия орталығына Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов келді

жексенбі,  5  Январь  2020

    Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығына Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов келді.
  Денсаулық сақтау министрі клиника ұжымымен медициналық сақтандыру жүйесінің жаңа мүмкіндіктері есебінен жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту мәселелерін талқылады. Министр пациенттерді емделуге жатқызуға қабылдау үдерістерімен және қазіргі уақытта МӘМС шеңберінде емделуге жатқызылуға қандай пациенттердің келіп түскенін қадағалайтын ақпараттық жүйелердің бөлімдерімен танысты. Бүгінгі күні МӘМС шеңберіндегі пациенттердің мәртебесі елдің кез-келген медициналық ұйымдарында автоматты түрде анықталады.
   Сондай-ақ, Елжан Амантайұлына клиниканың холындағы терминалдың жұмысын көрсетті, оның көмегімен кез-келген адам МӘМС жүйесінде өз мәртебесін тексере алады. Медициналық сақтандыру жүйесінің мүмкіндіктері мен денсаулық сақтаудың ұлғайтылған бюджеті туралы айта келе, министр нейрохирургия орталығының жанында нейрохирургиялық бейіндегі операцияларды, соның ішінде орталық және шеткі жүйке жүйесінің патологиясын, инсульттан кейінгі қозғалыс бұзылуларын, ми және жұлынның жарақаттарын және цереброваскулярлық патологияны бастан өткерген пациенттер үшін оңалту көмегін дамытудың маңыздылығын атап өтті.


тiзiмге қайтару