Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығында салтанатты мерекелік жиналыс өтті

дүйсенбі,  23  Декабрь  2019

    Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығында салтанатты мерекелік жиналыс өтті.
   Аталған жиналыста Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінен жоғары марапатқа ие болған Орталық қызметкерлері құттықталды.

   Мемлекеттік марапат - «Ерен еңбегі үшін» медальімен Нейрооңалту бөлімшесінің меңгерушісі Нұргалиев Қуат Болатұлы, сонымен қатар Басқарма Төрағасының орынбасары Омаров Талғат Манатұлы Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасының иегері болды.

    Салтанатты кездесу барысында Ұлттық нейрохирургия орталығы Басқарма Төрағасының орынбасары Омаров Талғат Манатұлы өз әріптестерін құттықтап, қызметкерлерге ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің марапаттарын табыс етті.
   «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен Жұлын нейрохирургиясы, шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі Керимбаев Талғат Тынышбайұлы, Нейрохирургия және невропатология кафедрасының оқытушысы Мустафаев Бағлан Сатылханұлы, Трансфузиология бөлімшесінің дәрігер - трансфузиологы Куанышев Ербол Нагашпайұлы және Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің дәрігер педиатры Исаева Айзат Батырқызы марапатталды.
   Бұдан бөлек, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» марапатына Медициналық директор Пазылбеков Талғат Тұрарұлы, Орталық жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі Рыскельдиев Нұржан Әмірбекұлы, Физиотерапия және субалшықпен емдеу бөлімшесінің меңгерушісі Такенов Жанат Төлеубайұлы ие болды.
   ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен келесі қызметкерлер марапатталды: Орталық жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің дәрігер нейрохирургі Тлеубергенов Мұратбек Абдіғалиұлы, Сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Нугуметова Майра Елжанқызы, Операциялық бөлімшенің операциялық мейіргері Жүзжасарова Анар Төлегенқызы, Орталық зарарсыздандыру бөлімшесінің мейіргері Рамазанова Шаттықгүл Махмутқызы.
   Сонымен қатар ҚР Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хатымен Іс жүргізу және мемлекеттік тілді дамыту бөлімнің жетекші маманы Абирова Жанар Тұрсынқызы, Физиотерапия және субалшықпен емдеу бөлімшесінің мейіргері Булхаирова Бактыгүл Мамырқызы, Операциялық бөлімшенің операциялық мейіргері Утегенова Гүлбану Булатқызы, сонмен бірге Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің пост мейіргері Абилдаева Ұлжалғас Қоңыратбайқызы марапатталды.
  Қазақстан денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен «ҰНО» АҚ Кәсіподақ комитетінің Кәсіподақ комитетінің төрағасы Такенов Жанат Төлеубайұлы марапатталды.
   Әріптестерімізді еңбек сіңірген марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз және еңбектеріне жеміс, табыс, отбасыларына бақыт, денсаулық тілейміз!


тiзiмге қайтару