Бүгін Жаңа жыл қарсаңында Ұлттық нейрохирургия орталығында өтіп бара жатқан жыл қорытындылары шығарылды және салтанатты, мерекелік жағдайда үздік қызметкерлер марапатталды

дүйсенбі,  30  Декабрь  2019

    Бүгін Жаңа жыл қарсаңында Ұлттық нейрохирургия орталығында өтіп бара жатқан жыл қорытындылары шығарылды және салтанатты, мерекелік жағдайда үздік қызметкерлер марапатталды.
   «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Серік Акшулаков 2019 жылдың қорытындысы бойынша атқарып отырған жұмысы бойынша жоғары жетістікке жеткен, өз міндеттемелерін мінсіз атқарғаны және жоғары кәсіби біліктілігі үшін Орталықтың үздік қызметкерлерін марапаттады.
    Сонымен, Орталық қызметінің қорытындысы бойынша «2019 жылдың үздік бөлімшесі» атағы - Физиотерапия және субалшықпен емдеу бөлімшесіне, «2019 жылдың үздік дәрігері» - Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің нейрохирург дәрігері - Асылбек Калиевке, «2019 жылдың үздік мейіргері» - Жұлын нейрохирургиясы, шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің пост мейіргері Арайлым Калымоваға, «2019 жылдың үздік кіші персоналы» - Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің кіші персоналы – буфетші Эльмира Джабаеваға, «2019 жылдың үздік маманы» - Халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс секторының бас маманы Мирамгуль Жубаниязоваға берілді.
    Бұдан бөлек, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының құрмет грамотасы және алғыс хатымен Орталықтың 2019 жылғы үздік 12 қызметкері марапатталды.
    Құрмет грамоталары келесі қызметкерлерге берілді:
1. Аубакиров Рустам Русланұлы - Сапа менеджменті және пациенттердің қауіпсіздігі бөлімінің бастығы;
2. Дюсембаев Серік Рашидұлы - Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің нейрохирург дәрігері;
3. Кереева Баянсұлу Лұқпанқызы - Физиотерапия және субалшықпен емдеу бөлімшесінің массажисі;
4. Олжанов Саят Жақсылықұлы – Жоспарлы-экономикалық бөлімінің бас маманы;
5. Кунакбаев Бауржан Асқарұлы - Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің нейрохирург дәрігері;
6. Серимбетова Ақдинаш Бахытқызы - Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.
    Сондай-ақ алғыс хаттармен келесі қызметкерлер марапатталды:
1. Омарова Анара Темірболатқызы - Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің пост мейіргері;
2. Балтин Жанмұрат Мейрманұлы - Физиотерапия және субалшықпен емдеу бөлімшесінің массажисі;
3. Байбулина Загипа Сматқызы - Сапа менеджменті және пациенттердің қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы;
4. Сарибаева Гулшад Сандибайқызы - Трансфузиология бөлімшесінің шаруа бикесі;
5. Нуриманов Чингиз Сағдатұлы - Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің нейрохирург дәрігері;
6. Сеиткали Айгерим Жанибекқызы - Госпитальдық қызмет көрсету секторының маманы.
    Бұған қоса, «ҰНО» АҚ Кәсіподақ комитетінің Кәсіподақ комитетінің төрағасы Такенов Жанат Төлеубайұлы өтіп бара жатқан жыл қорытындысы бойынша «Қазақстан денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» 14 қызметкерге құрмет грамоталарын табыс етті.
    Бүгінгі күннің марапат иелеріне гарамоталар мен естелік сыйлықтар табысталды.
    Әріптестерімізді еңбек сіңірген марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз және еңбектеріне жеміс, отбасыларына бақыт, денсаулық, шаттық тілейміз!

тiзiмге қайтару