Ұлттық нейрохирургия орталығына Украинадан делегация келді
сәрсенбі, 22 Январь 2020
Бүгін, 22 қаңтарда Ұлттық нейрохирургия орталығына Украинадан делегация келді.
Аталған кездесуге Одесса қалалық кеңесінің VII шақырылымының депутаты– Виктор Новак, халықаралық деңгейдегі Украина кәсіпкерлері қауымдастығының өкілі - Оксана Безсмертна, сондай-ақ денсаулық сақтау сапасы бойынша аккредиттеу орталығының және «Medical System SOS» ЖШС өкілдері қатысты.
Ақпараттық тур барысында шетелдік қонақтар медицина ғылымындағы жетістіктер және клиника тәжірибесіндегі техникалардың қолданылуы, көрсетілетін медициналық қызмет сапасының жоғары стандарттарымен танысты.
Сонымен қатар, қонақтарға Госпитальдық фармация бөлімінің жұмысы көрсетілді, онда емдеу тиімділігі мен дәрілерді тиімді пайдалануға ерекше көңіл бөлінеді.
Кездесу соңында қонақтар клиниканың жоғары кәсіби деңгейін атап өтіп, өзара ынтымақтастыққа ниет білдірді.







