Стационарда дәрілерді орталықтандырылған сұйылтудың және өлшеп-ораудың үздік әлемдік тәжірибес
дүйсенбі, 16 Ноябрь 2020
2020 жылғы 12 қарашада Ұлттық нейрохирургия орталығының профессоры, Госпитальдық фармация бөлімінің бастығы Айгүл Дүйсенбайқызы Төлепбергенова 2020 жылғы 11-14 қараша аралығында Түмен қаласында онлайн-форматта өткен XI терапевтік форум шеңберінде «Медициналық ұйымды басқарудың заманауи тәсілдері» халықаралық қатысумен Ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасады. Конференция спикерлері ретінде Ресей, Қазақстан, Корея және Нидерланды сарапшылары сөз сөйледі.
Айгүл Дүйсенбайқызының баяндамасының тақырыбы «Стационарда дәрілерді орталықтандырылған сұйылтудың және өлшеп-ораудың үздік әлемдік тәжірибесі», онда Ұлттық нейрохирургия орталығында енгізілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды басқарудың заманауи пациентке бағдарланған, персонаждалған моделі туралы баяндалады. Басты міндет – дәрілік заттарды қауіпсіз, ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.
Сондай – ақ, 2020 жылдың 12 қарашасында Айгүл Төлепбергенова Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы ұйымдастырған «Дәрі-дәрмектерді инновациялық басқару -қазақстандық медицинаның ноу-хауы» атты вебинарда баяндама жасады.
Денсаулық сақтау министрінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес бүгінгі таңда Қазақстанның өңірлеріне шығумен госпитальдық фармация негіздері бойынша 200-ден астам тыңдаушы оқытылғандығын айта кету керек. Нәтижесінде Ақтөбе, Шымкент, Қарағанды, Алматы қалаларында госпитальдық фармация бөлімдері ашылды, олармен орталықтың госпитальдық фармация бөлімінің мамандары тұрақты негізде кері байланысты қолдайды. Сондай - ақ инновацияларды енгізудің халықаралық тәжірибесі бар - біздің орталықтың мамандары Баку қаласындағы Әзірбайжан Президенті іс басқармасының медициналық орталығында Госпитальдық фармация бөлімінің ашылуына практикалық көмек көрсетті. 2019 жылы Росздравнадзормен Госпитальдық фармация бойынша қызмет көрсету туралы Меморандумға қол қойылды, қазір Оңтүстік Корея компаниясымен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою сатысында.







