«Ми қанайналымының жіті бұзылыстарын ұйымдастырудың, емдеудің, оңалтудың және алдыналудың өзекті мәселелері» (МҚЖБ) атты тақырыпта халықаралық мультидисциплинарлық online-конференциясы өтті

жұма,  30  Октябрь  2020

  «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Инсульт проблемалары жөніндегі республикалық үйлестіру орталығы 28-30 қазан аралығында «Help инсультпен ауыратын науқастарға көмек көрсету қоры" БҚ-мен бірлесіп «Ми қанайналымының жіті бұзылыстарын ұйымдастырудың, емдеудің, оңалтудың және алдыналудың өзекті мәселелері» (МҚЖБ) атты тақырыпта халықаралық мультидисциплинарлық online-конференция ұйымдастырды. Бұл конференция YouTube -те тікелей эфирде көрсетіліп, оған 50-ге жуық тыңдаушы қатысты.
   Дәріскерлер қазақстандық және шетелдік мамандар, олар инсульт тақырыбын ғана емес, сонымен қатар, қазіргі пандемияға сәйкес инсульт пен коронавирустық инфекциясы бар пациенттерді жүргізу тақырыптарын да қозғады.
  Сонымен қатар, 29 қазан күні Дүниежүзілік инсультпен күрес күні «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Инсульт проблемалары жөніндегі республикалық үйлестіру орталығы» «Астана медицина университеті» КЕАҚ неврология кафедрасымен бірлесіп, халықаралық қатысумен жыл сайынғы «Инсульт мектебі – 2020» конференциясын ұйымдастырды. Конференция online режимде өтті, онда ҚР-дағы инсульт қызметінің қазіргі жағдайы, инсультке әкелуі мүмкін сирек кездесетін аурулар, тәжірибедегі қызықты және күрделі клиникалық жағдайлар, сондай-ақ инсульт және  COVID-19 инфекциясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсету көрсетілді.
    Аталған конференцияға 140-тан астам тыңдаушы қатысты, олардың арасында тәжірибелі мамандар ғана емес, медициналық университеттердің резиденттері мен студенттері де болды.


тiзiмге қайтару