Профессор Мәжит Зейноллаұлы Шайдаровқа Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі куәлігі салтанатты түрде табыс етілді.
сәрсенбі, 18 Ноябрь 2020
Бүгін «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Мәжит Зейноллаұлы Шайдаровқа Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі куәлігі салтанатты түрде табыс етілді.
ҚР Ұлттық ғылым академиясының атынан Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР ҰҒА академигі, ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, химия ғылымдарының докторы, профессор Серғазы Мыңжасарұлы Әдекенов сөзсөйледі. Серғазы Мыңжасарұлының айтуынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктері мен корреспондент-мүшелері болып сайлану үшін конкурсқа қатысу үшін 125-тен астам ізденушілер құжаттарын ұсынған. Конкурс жоғары деңгейде болды. Бір орынға 4-5 үміткерден келді. Ғылыми қызметтің нәтижелері, жүргізілген зерттеулердің өзектілігі мен басымдылығы, кандидаттардың негізгі ғылыми жетістіктері ескерілді. Үміткерлерді іріктеу өте мұқият, конкурстық негізде бейіндік бөлімдерде жасырын дауыс беру арқылы, содан кейін Ұлттық ғылым академиясының жалпы жиналысының сессиясында жасырын дауыс беру арқылы жүргізілді.
Шайдаров Мәжит Зейноллаұлы 140-тан астам ғылыми-әдістемелік жұмыстың авторы, оның ішінде: 105 ғылыми мақала, Томсон Рейтер компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт - факторы бар халықаралық рецензияланатын журналдарда 9 мақала, 1 монография – «Гепатопротекторлық белсенділік әлеуеті бар фитопрепараттардың фармакодинамикасы», 2 оқулық- «Рецептурасы бар фармакология негіздері», 3 оқулық және оқу-әдістемелік құрал, 2 рецептуралық анықтамалық, клиникада қолдануға арналған 1 әдістемелік нұсқаулық, 1сөздік-анықтамалық (латын-орыс-қазақ тілдерінде).
Мәжит Зейноллаұлын ҚР ҰҒА академигі атағымен құттықтаймыз және зорденсаулық, амандық және ғылыми қызметіне табыстілейміз!







