Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері мен мейіргерлері виртуалды конференция форматындағы 1-ші Азия нейрохирургтарының конгресіне қатысты

дүйсенбі,  14  Декабрь  2020

    Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері мен мейіргерлері виртуалды конференция форматындағы 1-ші Азия нейрохирургтарының конгресіне және 2020 жылғы 11-13 желтоқсан аралығында Үндістанның Ченнай қаласында өткен 3-ші Азия нейрохирургтарының конгресіне (онлайн конференция) қатысты.
     Конференцияларда Нейрохирургия және неврология кафедрасының аға оқытушысы, нейрохирург дәрігер, қауымдастырылған профессор Х. А. Мустафин, Жұлын нейрохирургиясы және шеткі нейрохирургия патологиясы бөлімшесінің аға мейіргері Ж. К. Акшалова, Нейрооңалту бөлімшесінің аға мейіргері М.М. Буранбаева, Жалпы нейрохирургия бөлімшесінің аға мейіргері Т.П. Литвинова және Инсульт проблемалары жөніндегі республикалық үйлестіру орталығының бас маманы С.Г. Медуханова баяндама жасады.
Ж.К. Ақшалованың «Белсенді/пассивті дренаж жүйелерін қолдану, АІИ және операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу шарасы ретінде» тақырыбындағы баяндамасы нейрохирургиялық мейіргерлердің 3-ші Азия конгресінің бірінші күнінің үздік баяндамалары арасында екінші орынға ие болды.
     Айта кету керек, конференцияларға Үндістан, Индонезия, Малайзия, Вьетнам, Жапония, Перу, Непал, Пәкістан, Қытай, Түркия, Италия және басқа да елдерден спикерлер мен делегаттар қатысты. Онлайн конференцияны өткізудің мақсаты-дәрігерлер, мейіргерлер және жас мамандар үшін тәжірибе мен білім алмасу, сондай-ақ нейрохирургия саласындағы өзекті мәселелерді талқылау алаңын құру болып табылады.


тiзiмге қайтару