«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Шайдаров Мажит Зейноллаұлы «Парасат» орденімен марапатталды.
дүйсенбі, 14 Декабрь 2020
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Шайдаров Мажит Зейноллаұлы отандық медицинаны дамытуға қосқан жеке зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы «Парасат» орденімен марапатталды.
Ұлттық нейрохирургия орталығының басшылығы мен ұжымы Мажит Зейноллаұлын жоғары марапатпен құттықтайды және зор денсаулық, табыс, отбасылық амандық пен қажымас қайрат тілейді!
Шайдаров Мажит Зейноллаұлы медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі. Мажит Зейноллаұлы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігіне» төсбелгісімен (2002 ж.), «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен (2005 ж.), «Құрмет» орденінің кавалері (2013 ж.), Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдарымен, «Қазақстан Республикасы Құқықтық тәртіп әскерлеріне 25 жыл» төсбелгісімен (2017 ж.) марапатталған.







