Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Ұлттық нейрохирургия орталығының қызметкерлері жоғары бағаланды

сейсенбі,  15  Декабрь  2020

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай
Ұлттық нейрохирургия орталығының қызметкерлері
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен жоғары бағаланды

       Мемлекеттік награда – «Шапағат» медалімен Жалпы нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Серік Кәрібай марапатталды.
       ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің наградаларымен келесі қызметкерлер:
   - Орталық жүйке жүйесі патологиясы бөлімшесінің нейрохирург дәрігері Мұратбек Тілеубергенов «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен;
   - Пациенттердің қауіпсіздігі және сапа менеджменті бөлімінің бас маманы Жомарт Ғалиақберов «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен;
 - Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің бекет мейіргері Шолпан Шолбаева «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен;
  - Инсульт проблемалары жөніндегі республикалық үйлестіру орталығының директоры Ержан Әділбеков «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен;
  - Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Ғабит Өленбай «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен;
  - Операциялық бөлімшенің операциялық мейіргері Анар Жүзжасарова «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен;
  - Орталық зарарсыздандыру бөлімшесінің мейіргері Гүлназ Хамидулина «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен;
  - Білім бөлімінің бастығы Дарияна Кульмирзаева Құрмет грамотасымен;
  - Радиология бөлімшесінің рентген-зертханашысы Рашид Әбжапбаров Құрмет грамотасымен;
  - Адами ресурстарды басқару және кадрлық жұмысы бөлімінің бас маманы Райхан Ишанова Алғыс хатпен;
  - Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бас маманы Светлана Искакова Алғыс хатпен;
  - Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің науқастардың күтімі бойынша кіші персоналы Тамара Дегтева Алғыс хатпен;
  - Орталық жүйке жүйесі патологиясы бөлімшесінің науқастардың күтімі бойынша кіші персоналы Ибрагимова Аян Ранильбековна Алғыс хатпен марапатталды.



тiзiмге қайтару