Серік Акшулаков «ҚазҰАЗУ құрметті профессоры» жоғары атағымен марапатталды

бейсенбі,  24  Декабрь  2020

   Бүгін «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Серік Акшулаков «ҚазҰАЗУ құрметті профессоры» жоғары атағымен, сондай-ақ «Аграрлық білімге, ғылымға және өндіріске қосқан үлесі үшін» және «Қазақ ұлттық Аграрлық Университетіне 90 жыл» төс белгілерімен марапатталды.
   Марапаттау рәсімін халықаралық стандарттың медальдары мен сертификаттарын тапсыру рәсімімен Басқарма Төрағасы – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Тілектес Есполов өткізді.
  «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің 90 жылдық мерейтойына орай бүгін көрнекті нейрохирург, белгілі ғалым, академик Серік Акшулаковты марапаттау құрметіне бөлендім. Серік Қуандықұлын тек қазақстандық ғалымдар ғана емес, сонымен қатар шетелдік ғалымдар да біледі, ол әрқашан өз елі үшін, оның көмегіне мұқтаж адамдардың игілігі үшін жаңа, ең жақсы және пайдалы нәрсені іздеуде. Сонымен қатар, ол республиканың аграрлық ғылымын, білімі мен медицинасын дамытуға үлкен үлес қосты» - деді, Тілектес Есполов.
    Кездесуге Ұлттық нейрохирургия орталығының 1 курс резиденттері мен Нейрохирургия және неврология кафедрасының оқытушылары қатысты.
Кездесу соңында Тілектес Есполов Орталықтың ұжымы мен резиденттеріне зор денсаулық, табыс, бақ-береке тіледі.


тiзiмге қайтару