2020 жылдың қорытындысы бойынша еңбек міндеттемелерін сапалы атқарғаны үшін Орталық қызметкерлеріне марапаттар тағайындалады
сәрсенбі, 30 Декабрь 2020
Құрметті әріптестер!
Ұлттық нейрохирургия орталығының басшылығы Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтайды!
2020 жылдың қорытындысы бойынша еңбек міндеттемелерін сапалы атқарғаны, оның ішінде қиын және жедел жұмысты орындағаны, белсенді шығармашылық қабілеті үшін келесі марапаттар тағайындалады:
«2020 жылдың үздік бөлімшесі» - Күндізгі стационарлы қабылдау-диагностикалық бөлімшесі;
«2020 жылдың үздік дәрігері» – Данияр Керимкулович Тельтаев – Орталық жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің нейрохирург дәрігері;
«2020 жылдың үздік мейіргері» – Эльмира Узаковна Халиуллина –Физиотерапия және субалшықпен емдеу бөлімшесінің физиотерапия кабинетінің мейіргері;
«2020 жылдың үздік кіші персоналы» - Сайран Хасеновна Рахимжанова – Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің шаруа бикесі;
«2020 жылдың үздік маманы» - Муратбек Мухашевич Карасаев – Медициналық статистика және пациенттердің қозғалысын басқару бөлімінің бас маманы.
Сонымен бірге, еңбек міндеттемелерін адал және мінсіз орындағаны үшін 13 қызметкер Құрмет грамотасымен және Қоғамның Басқарма Төрағасы атынан Алғыс хаттармен марапатталады.
Атап айтқанда, Құрмет грамотасымен:
1) Арман Жумаханович Кайгалтыров – Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің дәрігері анестезиолог-реаниматолог;
2) Ибрагимбек Жакиевич Галиев – Жалпы нейрохирургия бөлімшесінің нейрохирург дәрігері;
3) Айгуль Шораевна Иманбаева – Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің пост мейіргері;
4) Асель Аязбековна Ашимханова – Орталық жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің пост мейіргері;
5) Ельмира Хамитовна Абылхасанова – Іс жүргізу және мемлекеттік дамыту бөлімінің бастығы;
6) Айғаным Майрамбайқызы Көшербаева – Госпитальдық қызмет көрсету секторының маманы.
Қоғамның Басқарма Төрағасының атынан Алғыс хатымен жарияланғандар:
1) Айгуль Каировна Жандельдинова – Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің дәрігері анестезиолог-реаниматолог;
2) Гульнур Муратбековна Керимкулова – Күндізгі стационарлы қабылдау-диагностикалық бөлімшенің функционалды диагностика дәрігері;
3) Айнагуль Карбаевна Сейтенова – Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің мейіргері-анестезист;
4) Назыгул Рахматиллақызы Налибаева - Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің пост мейіргері;
5) Елена Ивановна Левина – Нейрооңалту бөлімшесінің науқастардың күтімі бойынша кіші персонал;
6) Бөкейхан Қорғанұлы Ахмет – Шаруашылық қызмет көрсету бөлімінің газбенэлектрмен дәнекерлеуші;
7) Меруерт Туруспековна Акжигитова – дәрігер кеңесші.
Баршаңызды Жаңа жылмен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақ-береке тілейміз!







