Ұлттық нейрохирургия орталығының нейрохирургтары жасөспірімнің жұлынындағы үлкен ісікті алып тастады
жұма, 29 Январь 2021
Мамедовтар отбасы осы жылдың қаңтар айында Ұлттық нейрохирургия орталығына 14 жастағы Демирге медициналық көмек сұрап жүгінген. Екі ай бойы бала қатты бас ауруына, сол қолы мен аяғындағы әлсіздікке, сондай-ақ аяқты сылтып басумен жүрістің бұзылуына шағымданды.МРТ-зерттеу негізіндегі зерттеу барысында мойын желке аймағы деңгейінде, жұлынның ішінде орналасқан және омыртқаның үш сегменттерін бойлай созылған неоплазма анықталды.
Демир жоспарлы түрде квота негізінде "ҰНО" АҚ-на емделуге жатқызылды. ҰНО профессорының, медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттарының, дәрігерлерінің қатысуымен жүргізілген клиникалық талдауда пациентті емдеу тактикасы анықталып, «Медулла облонгата, С1,С2,С3 жұлын сегменттері деңгейіне краниовертебральді өтумен итрамедуллярлық ісік» диагнозын қойды.
Операцияны Жұлын нейрохирургиясы және шеткі жүйке жүйесі патологиясы бөлімшесінің нейрохирургі, бірінші санатты нейрохирург - дәрігер Виктор Алейников және Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің нейрохирургі Сапарбек Сейтбеков жүргізді.
Ісікті жою операциясы төрт сағатқа созылды.«Балалардағы мұндай ісіктер сирек кездеседі. Олар әдетте баяу өседі және ауырсынудан басталады. Қолдар мен аяқтардағы әлсіздік, тыныс алудың бұзылуы, жұтылу, сонымен қатар бұған ісік жұлынның өткізгіш жолдарын қысуы себепті жамбас мүшелерінің жұмысының бұзылуы қосылады. Біз мұқият жоспарлаған анатомиялық қолжетімділік неоплазманы жұлын мен тамырлардан оңай бөлуге мүмкіндік берді.» - деп түсіндірді Виктор Алейников.
«Ісікті жою операциясы нейромониторингті қолдану арқылы микрохирургиялық жолмен жүргізілді. Осының көмегімен біз зақымдалған тіндерді алып тастаудың қауіпсіз көлемін анықтадық және неврологиялық бұзылулардың дамуын болдырмауға мүмкіндік берді. Бұл жағдайда операциядан кейінгі, сондай-ақ операциядан кейінгі қан жоғалту және неврологиялық асқынулардың жоғары қаупі болды. Бірақ, бақытымызға орай, бәрі сәтті өтті.» - деп бөлісті балалар нейрохирургі Сапарбек Сейтбеков.
Операциядан кейін науқас өзін жақсы сезінеді, оның барлық өмірлік және қимыл-қозғалыс функциялары сақталған.
«Ұлымыз бас ауруы мен әлсіздікке шағымданып ауырған кезде, біз суық тиді деп ойладық, жергілікті дәрігерлерге баруды шештік. Ем қабылдадық, бірақ баламның жағдайы жақсарған жоқ. Кейінірек бізге МРТ жасау ұсынылды және оның ісігі бар екенін анықтады. Дәрігерлер бізге жағымсыз салдары болуы мүмкін өте ауыр операция жасау керек екенін түсіндірді. Біз оның денсаулығы үшін қатты қорықтық, алаңдадық. Бірақ бәрі ойдағыдай аяқталды. Біз осы Орталықтың дәрігерлеріне өте ризамыз, балама операция жасады, бізде бәрі жақсы, жақында бәріміз бірге үйге қайтамыз.» - деді Демир Мамедовтың ата-анасы.







