ҰНО қабырғасында резидент-дәрігерлердің, кафедра оқытушыларының, ғылыми зерттеулер менеджменті бөлімінің бастығы мен клиникалық бөлімшелер дәрігерлерінің қатысуымен журнал клубының отырыстары өткізілді.

дүйсенбі,  15  Февраль  2021

   "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ қабырғасында алдыңғы қатарлы ғылыми әдебиеттермен танысу, жаңа ғылыми мақалаларды сыни тұрғыдан бағалауға үйрету мақсатында білім бөлімінің басшылығымен ай сайын "Нейрохирургия, оның ішінде балалар нейрохирургиясы" және "Неврология, оның ішінде балалар неврологиясы" мамандығы бойынша резидент-дәрігерлердің, кафедра оқытушыларының, ғылыми зерттеулер менеджменті бөлімінің бастығы мен клиникалық бөлімшелер дәрігерлерінің қатысуымен журнал клубының (ЖК) отырыстары өткізіледі.
  Резидент-дәрігерлер нейрохирургия және неврология саласындағы соңғы, қызықты және өзекті ғылыми жаңалықтармен бөліседі, халықаралық журналдарда жарияланған мақалалар мен гайдлайндарды талқылауға ұсынады.
Клиникалық тәлімгерлер рецензент ретінде баяндаманың басым және жеткіліксіз тұстарын сыни бағалап, инновацияны күнделікті тәжірибеге енгізу мүмкіндіктерін талқылайды.
  ЖК отырыстары кесте бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді. 2020 жылы күрделі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, офлайн және онлайн форматта 8 отырыс өткізілді.
   Бұл отырыстар білім алушылардың білімін едәуір кеңейтеді, презентациялау және өзін-өзі оқыту дағдыларын жақсартуға ықпал етеді.


тiзiмге қайтару