Ұлттық нейрохирургия орталығындағы Донор күні
бейсенбі, 18 Февраль 2021
Бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығында «Өмір үшін көмек қолын соз, қан тапсыр» қан тапсыру акциясы өтті.
Акцияны Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының және Ұлттық нейрохирургия орталығының Трансфузиология бөлімшесінің қызметкерлері өткізді.
Ерікті акцияға дәрігерлер, бөлімше меңгерушілері, орта медициналық және әкімшілік персонал қатысты. Айта кету керек, мұндай акция жыл сайын Нейрохирургия орталығында өткізіледі.
Қан тапсыруға 41 адам белсенді қатысып, 18 литр 450 мл қан тапсырды.
Барлық донорларға рахмет!







