«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ-мен Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өтті

сейсенбі,  16  Март  2021

  Бүгін Нейрохирургия орталығында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ-мен Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өтті.

  Кездесуге Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ филиалының басшысы Дәулеткерей Рахметуллин, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Серік Ақшолақов және Орталықтың еңбек ұжымы қатысты.

  Кездесу Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің, «Nur Otan» партиясының филиалы мен «ЖАҢАРУ» РҚБ өзара ынтымақтастығы шеңберінде 2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жүзеге асыру аясында өтті.

   Кездесудің мақсаты ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының ережелерін түсіндіру бойынша жұмыс және еңбек ұжымымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық іс-шаралар өткізу болды. Сонымен қатар, кездесу барысында «Ұлттық нейрохирургия орталығы» акционерлік қоғамы мен «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Орталық қызметкерлеріне «ПАРАҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ӘР АЗАМАТТЫҢ ПАРЫЗЫ», «Пара алма, Пара берме» деген ұрандармен парақшалар, стикерлер таратылды.

  «Біздің жұмысымыз сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде мемлекеттік медициналық қызмет көрсету сапасы, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар кешенін жүргізуді көздейді. Елорда аумағында азаматтарға арналған мобильдік қоғамдық қабылдаулар, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша мобильдік үгіт-насихат топтары жұмыс істейді. Қазір тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейі айтарлықтай төмендеді. Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде тұрғындар пара беруге нөлдік төзімділік (бұл ең аз құқық бұзушылық үшін заңда көзделген ең көп жаза қолданылатын тәртіп) таныта бастады. Бірақ біз әлі де осы бағытта белсенді жұмыс істеп, түсіндірмелермен белсенді кездесулер өткізуіміз керек.» - деді Дәулеткерей Рахметуллин.


тiзiмге қайтару