Ұлттық нейрохирургия орталығында мұражайдың ашылу салтанаты өтті
жұма, 14 Май 2021
Бүгін, 2021 жылдың 14 мамырында Ұлттық нейрохирургия орталығында Қазақстан Республикасының нейрохирургиялық қызметінің тарихына, көп жылдық қызметі мен Ұлттық нейрохирургия орталығының қалыптасу тарихына арналған мұражайдың ашылу салтанаты өтті. Іс-шара ұйымдастырушылары Қазақ нейрохирургтары қауымдастығы және Ұлттық нейрохирургия орталығы. Мұражайдың ашылуы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған.
Мұражайда Нұр-Сұлтанда өткен халықаралық конференциялар мен білім беру курстары туралы ақпараттық фотосуреттер, медицинаны дамытуға қосқан үлесі және ұзақ мерзімді жемісті жұмысы үшін алған нейрохирургтардың марапаттары, сондай-ақ Қазақстанның нейрохирургиялық қызметінің тарихи оқиғаларын көрсететін құжаттар ұсынылған. Мұражайда нейрохирургиялық қызметтердің толық спектрін ұсынатын Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған клиника болып табылатын Нейрохирургия орталығының тарихын көрсететін құжаттар мен фотоматериалдардың көшірмелері ұсынылған.
Ақпараттық-көрме стендінде әртүрлі мәдениет қайраткерлері, саясаткерлер және шетелдік көрнекті ғалымдар сыйға тартқан авторлық жазбаларды көруге болады.
Мұражай залының ашылуына Нейрохирургия орталығының қызметкерлері қатысты, ал мұражай-көрменің ашылу салтанатының қызыл лентасын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Орынбасары Абдиров Нұрлан Мәжитұлы және Қазақ нейрохирургтары қауымдастығының президенті, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Акшулаков Серік Қуандықұлы қиды.







