Орталықтың ұжымын қала мәслихатының депутаты, «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы құттықтады
жұма, 18 Июнь 2021
Медицина қызметкерлері күнін мерекелеу қарсаңында Орталықтың ұжымын қала мәслихатының депутаты, «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Жанділдаев Бақдәулет Болатұлы, «Nur Otan» партиясы Өркениет аудандық филиалы төрағасының орынбасары Утебаева Мария Мұхтарқызы құттықтады.
Бақдәулет Болатұлы Орталық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, партиялық марапаттарын табыс етті. Олардың иегерлері клиникалық бөлімшелердің аға мейіргерлері, кіші персонал және Орталықтың басқа да медициналық қызметкерлері болды.
Орталық қонақтары өз сөздерінде дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің кәсібінің маңыздылығын атап өтті, өйткені сүйікті іс пен кәсіпқойлықтың арқасында олар адамдарға өмір сыйлайды, аурулардан айығуға үміт ұялатады және өмірдің ең қиын сәттерінде көмек көрсетеді.
Кездесу соңында қонақтар медицина қызметкерлеріне адал еңбектері үшін жылы лебіздері мен алғыстарын білдірді.







