ҰШМҮО ғылымикітапханасына академик Серік Ақшолақовтың есімі берілді
Вторник, 15 Сентябрь 2026
Бүгін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында академик Серік Қуандықұлы Ақшолақов атындағы ғылыми кітапхананың салтанатты ашылуы өтті.
Сапар аясында Серік Қуандықұлы орталықтың клиникалық бөлімшелерінің жұмысымен, оның материалдық-техникалық мүмкіндіктерімен, сондай-ақ ғылыми-білім беру қызметімен танысты. Кітапхананың салтанатты ашылуында ҰШМҮО Басқарма төрағасы Ержан Боранбайұлы Әділбеков академикке отандық нейрохирургияны дамытуға қосқан көп жылдық үлесі үшін алғысын білдіріп, оның кәсіби мұрасының айрықша маңызын атап өтті.
«Серік Қуандықұлы-заманауи отандықнейрохирургияның негізін қалаушы, медицина ғылымы мен практикасының дамуына зорүлес қосқан адам. Орталықтың ғылыми кітапханасы оның есімімен аталатыны бізүшін үлкен мәртебе», — деп атап өтті Ержан Боранбайұлы Әділбеков.
Өз кезегін де Серік Қуандықұлы ҰШМҮО ұжымына көрсеткен ілтипаты үшін алғысын білдіріп, медицина мамандары үшін заманауи білім беру алаңын құрудың маңыздылығын атап өтті.
«Ғылыми кітапхана - бұл ең алдымен білім. Дәрігерлер, курсанттар мен резиденттердің үнемі оқуға, классикалық медициналық әдебиеттер мен заманауи электронды ресурстарға жүгінуге мүмкіндігі болуы маңызды. Мұндай мүмкіндіктер мамандарға өз білімдерін жетілдіруге және оларды күнделікті жұмыста қолдануға көмектеседі», - деп атап өтті Серік Қуандықұлы Ақшолақов.
Іс-шара аясында медициналық мекемелер арасындағы кәсіби ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Ұлттық нейрохирургия орталығы ҰШМҮО ғылыми кітапханасының қорына нейрохирургия бойынша 30-дан астам мамандандырылған басылымдарды тапсырды: оқу құралдары, монографиялар және әдістемелік ұсынымдар.
Кітаптарды беру заманауи білім беруортасын қалыптастыруға және дәрігерлер мен жас мамандар үшін кәсіби білімге қолжеткізудің символдық үлесі болды. Академик Серік Ақшолақов атындағы кітапхананың ашылуы - бұл көрнекті нейрохирург пен ғалымға деген құрмет қана емес, сонымен қатар білім, тәжірибе және заманауи ғылыми тәсілдердің медицинаны дамытуға және мамандардың жаңа буынын даярлауға қызмет ететін кеңістікті құру болып табылады.



