Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі
Среда, 1 Апрель 2026
Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі
Іс-шараның маңыздылығын арттыра түсетін жайт – Конгресс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы атап өтілетін жылы өткізіліп отыр. Осы жылдар ішінде отандық нейрохирургия қалыптасу мен дамудың үлкен жолынан өтті: мамандандырылған орталықтарды құрудан және кәсіби кадрларды даярлаудан бастап, халықаралық стандарттарға сай жоғары технологиялық медициналық көмекті енгізуге дейінгі биік белестерге жетті.
Өткізілетін күні мен орны
2026 жылғы 5-6 маусымда Қарағанды медициналық университетінің базасында (Гоголь көшесі, 40).
Ұйымдастырушылар
Іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, «Қазақ нейрохирургтер ассоциациясы» ҚБ, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ, Қарағанды медициналық университетінің қолдауымен өткізіледі.
Мақсатты аудитория
Конгресс нейрохирургия саласындағы жетекші отандық мамандарды, Ұлттық нейрохирургия орталығының өкілдерін, еліміздің өңірлерінен келген дәрігерлерді, сондай-ақ резиденттер мен жас мамандарды біріктіреді. Қазақстанның барлық өңірлерінен шамамен 150-200 делегат қатысады деп күтілуде.
Формат
Конгресс еліміздің әр өңірінен келген мамандар арасындағы кәсіби диалог, тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаңға айналады. Іс-шараға тек Қазақстан Республикасының мамандары қатысады..
Ғылыми бағдарлама
Конгресс шеңберінде нейрохирургиялық қызметті дамытудың өзекті мәселелері бойынша баяндамалар, нейрохирургиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері ұсынылады, күрделі клиникалық жағдайлар, өңірлік нейрохирургияны дамыту перспективалары және практикалық денсаулық сақтауға жаңа технологияларды енгізу талқыланады.
Байланыс мәліметтері:
«Қазақ нейрохирургтер ассоциациясы» ҚБ
+7 7172 62 11 70
Email: kazneuro@yandex.kz
Сайты: www.neurosurgeons.kz



