Қызметкер туралы ақпарат
Байтұрлин Жәнібек
Радиология және радиохирургия бөлімшесінің менгерушісі
- Бөлім
Байтурлин Жәнібек Ғаниұлы – Радиология және радиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі. "Ұлттық нейрохирургия орталығы "АҚ профессоры, жоғарғы біліктілік санаты бар, медицина ғылымдарының кандидаты, денсаулық сақтау үздігі. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын сәулелі диагностика дәрігері (КТ, МРТ) мамандығы бойынша бітірген. Жалпы тәжірибелік еңбек өтілі - 29 жыл. «Интервенциялық және диагностикалық радиология» тақырыбы бойынша Австрияның Грац қаласында Университеттік клиникада маманданудан өткен. 50-ден аса ғылыми еңбектің, соның ішінде оқу құралы пен 4 патент авторы. Негізгі қызмет бағыттары: ми қанайналымының жіті бұзылыстарын, ми ісіктерін, мидағы демиелиндену процестері (нерв талшықтарының миелин қабатының ыдырауы) КТ, МРТ диагностикасы. Омыртқаның интрамедуллярлық, интрадурально-экстрамедуллярлық өспелерін, дегенеративтік ауруларын МРТ диагностикасы.



