Қызметкер туралы ақпарат

Байсмбаев  Нурсултан  Дисенбаевич

Байсмбаев Нурсултан

госпитальдық фармация бөлімінің клиникалық фармаколог дәрігері

Бөлім


Байсмбаев Нурсултан Дисенбаевич – госпитальдық фармация бөлімінің клиникалық фармаколог дәрігері. «Қазақстан Республикасының клиникалық фармакологтар мен фармацевтердің кәсіби қауымдастығы» РҚБ мүшесі. 2015 жылы «Астана медицина университеті» АҚ-ын «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы «дәрігер терапевт» біліктілігін бере отырып, интернатураны сәтті аяқтады. 2019 жылы «Клиникалық фармакология» мамандығы бойынша алғашқы қайта даярлаудан өтіп, «клиникалық фармаколог дәрігер» біліктілігін алды. Қызметтің негізгі бағыттары: орталық жүйке жүйесі (вентрикулит, менингит, менингоэнцефалит) және шеткері жүйке жүйесі (спондилодисцит, эпидуралды абсцесс, омыртқа остеомиелиті) ауруларында этиотропты және патогенетикалық фармакотерапия жүргізу, сондай-ақ жалпы нейрохирургияда хирургиялық араласу аймағы инфекцияларының (SSI) алдын алу және емдеу. Кеңес беру және емдеу үдерісіне тікелей қатысу: пациенттерге антикоагулянттық, антиагреганттық және глюкокортикостероидтық (ГКС) емдеудемдеуді тағайындау/таңдау, түзету/оңтайландыру, сондай-ақ дәрілік өзара әрекеттесулерді бақылау.