Kazakh Spine Days 2026

сәрсенбі,  1  Апрель  2026

Kazakh Spine Days 2026


Kazakh Spine Days — омыртқа нейрохирургиясындағы өзекті жетістіктер мен инновацияларға арналған халықаралық білім беру курсы. Іс-шара білім алмасу, күрделі клиникалық жағдайларды талқылау және академиялық ынтымақтастықты дамыту мақсатында жетекші нейрохирургтер мен жас мамандарды біріктіреді.

Өткізілетін күні мен орны

2026 жылғы 16–17 мамыр, Астана қ., Қазақстан, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ, Тұран даңғылы, 34/1.

Ұйымдастырушылар

Іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, «Қазақ нейрохирургтер ассоциациясы» ҚБ, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ, сондай-ақ WFNS Омыртқа нейрохирургиясы комитетінің (Нейрохирургиялық қоғамдардың дүниежүзілік федерациясы) және Халықаралық омыртқа қоғамының (ISS) қолдауымен өткізіледі.

Мақсатты аудитория

Нейрохирургтер, омыртқаға маманданған ортопедиялық хирургтер, ординаторлар және халықаралық сарапшылармен тәжірибе алмасуға ұмтылатын суб специалистер.

Формат

Ординаторлар мен жас нейрохирургтерге бағытталған халықаралық базалық деңгейдегі білім беру курсы. Жетекші сарапшылардың дәрістері клиникалық талдаулармен және тікелей интерактивті талқылаулармен ұштастырылады.

Ғылыми бағдарлама

Екі күндік бағдарлама сарапшы дәрістерін, күрделі клиникалық жағдайларды талдауды, нақты клиникалық тәжірибеге негізделген интерактивті талқылауларды, сондай-ақ модельдерде практикалық жаттығуларды қамтиды. Дәлелдік медицинаға және заманауи хирургиялық тәсілдерге ерекше назар аударылады.

Өткізілетін орын

Ұлттық нейрохирургия орталығы — Орталық Азиядағы жетекші нейрохирургиялық клиника, жоғары деңгейдегі кәсіби оқыту үшін академиялық және клиникалық орта қамтамасыз етеді.

 

Байланыс мәліметтері:

«Қазақ нейрохирургтер ассоциациясы» ҚБ

+7 7172 62 11 70

Email: kazneuro@yandex.kz

Сайты: www.neurosurgeons.kz www.kazakhspine2026.org


тiзiмге қайтару