Фото: Ақшолақов Серік Қуандықұлы
Ақшолақов Серік Қуандықұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҰНО» АҚ Басқарма төрағасы
Жалпы мәліметтер

Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні - 2009 жылғы 26 қаңтар («Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқармасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы №91 шешімі).

Директорлар кеңесінің қолданыстағы құрамына сайланған күні - 2026 жылғы 26 тамыз (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №429 бұйрығы).

Туған күні: 03.07.1952 ж., Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі

Ақтөбе мемлекеттік медицина институты, емдеу факультеті, біліктілігі – дәрігер (1969-1975 жж.), медицина ғылымдарының докторы (1996ж.), Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі (2017ж.).

Еңбек жолы

Ақтөбе облыстық клиникалық ауруханасының дәрігер-интерні (1975-1976 жж.), АқММИ травматология кафедрасының клиникалық ординаторы (1976-1978 жж.), Ақтөбе облыстық клиникалық ауруханасының нейрохирургы (1978-1981 жж.), РМҒА академик Н.Н. Бурденко ат. нейрохирургия ҒЗИ клиникалық ординаторы (1981-1983 жж.), РМҒА академик Н.Н. Бурденко ат. нейрохирургия ҒЗИ аспиранты (1983-1986 жж.), РМҒА академик Н.Н. Бурденко ат. нейрохирургия ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері (1986-1989 жж.), Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының нейрохирургия кафедрасының ассистенті, доценті (Алматы, 1989-1992 жж.), РМҒА академик Н.Н. Бурденко ат. нейрохирургия ҒЗИ докторанты (Мәскеу, 1992-1996 жж.), Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының нейрохирургия кафедрасының меңгерушісі (1996-2008 жж.).

01.04.2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы, ҚР ДСМ штаттан тыс бас нейрохирургы.