Фото: Голанов Андрей Владимирович
Голанов Андрей Владимирович
Тәуелсіз директор
Жалпы мәліметтер

Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні: 2022 жылғы 24 наурыз (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы №203 бұйрығы).

Директорлар кеңесінің қолданыстағы құрамына сайланған күні: 2026 жылғы 26 тамыз (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №429 бұйрығы).

Туған күні: 09.12.1962 ж., Ресей Федерациясының азаматы.

Білімі

Пирогов атындағы Ленин орденді 2-ші Мәскеу медициналық институты, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша (1980–1986); медицина ғылымдарының докторы, профессор (2008); РҒА корреспондент-мүшесі (2016).

Еңбек жолы
  • 1981–1986 — Н.Н. Бурденко атындағы нейрохирургия ҒЗИ реанимация бөлімшесі (Мәскеу қ.).
  • 1986–2005 — Н.Н. Бурденко атындағы нейрохирургия ҒЗИ нейрохирургы (Мәскеу қ.).
  • 2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің «Н.Н. Бурденко атындағы нейрохирургия ҒМЗО» ФМАМ радиология және радиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі (Мәскеу қ.).
Ғылыми қызмет

290-нан астам баспа жұмыстарының, оның ішінде шетелдік журналдарда 50-ден астам баспа жұмыстарының авторы, 6 монографияның, кітаптарда 16 тараудың бірлескен авторы.

Хирш индексі:

  • ҒДАРИ — 19;
  • SCOPUS — 18;
  • Web of Science — 17.
Кеңестер мен редакциялардағы мүшелік
  • «Нейрохирургия мәселелері», «Онкология және хирургия», «Радиациялық онкология» журналдарының редакциялық алқаларының мүшесі;
  • Н.Н. Бурденко атындағы нейрохирургия ҒМЗО ғылыми және диссертациялық кеңестерінің мүшесі, Мәскеу қ.