Фото: Ізбасханов Қылышбек Сатылғанұлы
Ізбасханов Қылышбек Сатылғанұлы
Директорлар кеңесінің төрағасы
Жалпы мәліметтер

Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні: 2019 жылғы 31 қаңтар (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы №33 бұйрығы).

Директорлар кеңесінің қолданыстағы құрамына сайланған күні: 2026 жылғы 26 тамыз (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №429 бұйрығы).

Туған күні: 26.10.1952 ж., Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі

«Түсті металдар металлургиясы» мамандығы бойынша Қазақ политехникалық институты, біліктілігі — инженер-металлург (1975 ж., Алматы қ.).

Еңбек жолы
  • 1975–1985 — Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты (Өскемен қ.); Шымкент қорғасын зауыты, балқыту цехының бастығы.
  • 1985–1991 — Шымкент қорғасын зауытының директоры (Шымкент қ.).
  • 1991–1993 — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы (Алматы қ.).
  • 1993–1996 — Мемлекеттік холдингтік компанияның президенті (Шымкент қ.).
  • 1996–1997 — ОҚО әкімінің орынбасары (Шымкент қ.).
  • 1997–1999 — Шымкент қ. әкімі.
  • 1999–2000 — ОҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігі департаментінің директоры (Шымкент қ.).
  • 2000–2002 — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
  • 2002–2006 — «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» АҚ атқарушы директоры.
  • 2006–2009 — «Қазақстан инжиниринг» «Ұлттық компаниясы» АҚ вице-президенті, Астана қ.
  • 2009 — «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ өнеркәсіптік активтерді басқару жөніндегі директоры.
  • 2009–2017 — «Тау Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, жобаларды іске асыру жөніндегі басқарушы директоры.
  • 2017 ж. — қазіргі уақытқа дейін — «Amitech Astana» ЖШС бас директорының кеңесшісі.
  • 2021 ж. — қазіргі уақытқа дейін — «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ және «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ «QazIndustry» тәуелсіз директоры.