Рамазанов Манас Ембергенұлы
Рамазанов Манас Ембергенұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі
Жалпы мәліметтер
Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні: 2026 жылғы 26 тамыз (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №429 бұйрығы).
Директорлар кеңесінің қолданыстағы құрамына сайланған күні: 2026 жылғы 26 тамыз (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №429 бұйрығы).
Туған күні: 01.01.1968 ж., Қазақстан Республикасының азаматы.
Білімі
1990 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2007 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «экономика және қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы
- 1990 — А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында дәрігер-интерн.
- 1991–2000 — А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер.
- 2000–2001 — А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында «Хирургия» мамандығы бойынша күндізгі докторантура.
- 2001–2006 — А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында шұғыл хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, бас ғылыми қызметкер.
- 2006–2007 — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Емдеу-профилактикалық жұмыс департаментінің хирургиялық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бастығы.
- 2007–2008 — А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы директорының ұйымдастыру-экономикалық жұмыс жөніндегі орынбасары, кейін ғылыми-клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары.
- 2008–2013 — Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.
- 2013–2014 — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы.
- 2014–2018 — Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері.
- 2018–2026 — Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының №7 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері.
- 2026 жылғы 9 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі.



