Фото: Сәрсенбаева Гүлнар Еділқызы
Сәрсенбаева Гүлнар Еділқызы
Директорлар кеңесінің мүшесі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры
Жалпы мәліметтер

Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні — 2022 жылғы 24 наурыз (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы №203 бұйрығы).

Директорлар кеңесінің қолданыстағы құрамына сайланған күні — 2025 жылғы 22 сәуір (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі №277 бұйрығы).

Туған күні: 01.03.1972 ж., Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі

Қарағанды медициналық институты, «медициналық-профилактикалық іс» мамандығы, «гигиена, эпидемиология» біліктілігі (1989–1995 жж.).

Еңбек жолы
  • 1995 — Ақтөбе қалалық санэпидстанциясының эпидемиолог дәрігері.
  • 1996–1997 — Қарағанды қаласы Совет ауданы санэпидстанциясының эпидемиологы.
  • 1997–2013 — Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінде:
    • аса қауіпті инфекциялар бөлімінің эпидемиологы;
    • ауруханаішілік инфекциялық бақылау басқармасының басшысы;
    • аса қауіпті инфекциялар басқармасының басшысы;
    • ошақты және профилактикалық дезинфекция басқармасының басшысы.
  • 2013–2018 — ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінде:
    • амбулаториялық-емханалық көмек басқармасының бас сарапшысы;
    • әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша медициналық көмек басқармасының басшысы.
  • 2018–2020 — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас консультанты.
  • 28.10.2020 – 03.09.2024 — ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары.
  • 04.09.2024 – қазіргі уақыт — ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры.