ШАЙДАРОВ МАЖИТ ЗЕЙНУЛЛАҰЛЫ
Шайдаров Мажит Зейнуллаұлы
Директорлар кеңесінің төрағасы – тәуелсіз директор
Жалпы мәліметтер
Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні — 2019 жылғы 31 қаңтар (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы №33 бұйрығы).
Директорлар кеңесінің қолданыстағы құрамына сайланған күні — 2025 жылғы 22 сәуір (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі №277 бұйрығы).
Туған күні: 07.04.1959 ж., Қазақстан Республикасының азаматы.
Білімі
Целиноград мемлекеттік медицина институты, «емдеу ісі» мамандығы (1976–1982);
медицина ғылымдарының кандидаты (1987);
медицина ғылымдарының докторы (2007);
«медицина» мамандығы бойынша профессор (2013);
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі (2017);
ҚР ҰҒА академигі (2020).
Еңбек жолы
- 1982–1984 — ЦММИ фармакология кафедрасының аға зертханашысы.
- 1984–1992 — ЦММИ фармакология кафедрасының ассистенті.
- 1992–1995 — дәрігер-инфекционист, қосымша фармакология кафедрасының ассистенті.
- 1995–1997 — жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының доценті.
- 1997–2000 — қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері, кафедра доценті.
- 2000–2005 — Астана қ. Денсаулық сақтау департаментінің директоры.
- 2006–2009 — Қарағанды облысы Денсаулық сақтау департаментінің директоры.
- 2009–2010 — ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қ. бойынша департаментінің директоры, МУА профессоры.
- 2010–2019 — «Астана Медицина Университеті» АҚ Ректоры – Басқарма төрағасы.
- 2019–қазіргі уақыт — «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.



